Ерекшелік
Moisture & flexible Zone™
Азық-түліктің балғындығын барынша ұзақ сақтау үшін арнайы екі аймақ қарастырылған. Moisture Zone бөлімінде көкөністер мен жемістердің ерекшелігіне қарай ылғалдылықтың 2 деңгейін реттеуге болады. Ал Flexible Zone икемді аймағы 3 түрлі температура режимін ұсынады: көкөністер, құрғақ өнімдер немесе сусындар үшін өзіңізге қажетті оңтайлы жағдайды оңай таңдай аласыз.